Головкиннің келесі кездесуінің өтетін жері белгілі

Головкиннің келесі кездесуінің өтетін жері белгілі

Шетелдік ExpressNews.com мәліметіне сенсек Геннадий Головкин келесі кездесуінің өтетін жерін таңдауда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы шаршы алаңға маусымда оралуы тиіс.

Қазіргі уақытта Головкиннің командасы Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас қалалары арасында таңдау жүргізуде.

Басылымның мәліметінше қазақстандық боксшы Alamodome (Сан-Антонио) аренасына басымдық беруі ықтимал.

Айта кетсек, алдағы кездесудегі Головкиннің қарсыласы кім болатыны да белгісіз.

Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы кездесуінде Сауль Альварестен жеңіліп барлық чемпиондық белбеулерінен айрылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или