Батыр Жүкембаев келесі кездесуін мамырда өткізеді

Батыр Жүкембаев келесі кездесуін мамырда өткізеді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың келесі кездесуінің мерзімі белгілі болды, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Отандасымыз 17 мамырда Канадада өтетін бокс кешінде өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Әзірге Жүкембаевтың қарсыласы белгісіз.

Аталған бокс кешінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы ресейлік Арсланбек Махмудов (7-0, 7 КО) пен американдық Джонатан Райс (10-3-1, 6 КО) WBC International тұжырымы бойынша чемпиондыққа таласады.

Естеріңізге салсақ, Батыр жүкембаев бүгінге дейін кәсіпқой бокста 15 кездесу өткізіп бәрінде жеңіске жеткен. Соңғы айқасын 16 наурызда өткізіп мексикалық Хильберто Месоны төрешілердің шешімімен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или