Үш чемпиондық белбеуін қорғап қалған қазақстандық боксшы рейтингіде көтерілді

Үш чемпиондық белбеуін қорғап қалған қазақстандық боксшы рейтингіде көтерілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) Алматыда екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулері үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы намибиялық боксшы Лукас Ндафолумен (15-1, 6 КО) жұдырықтасты. Айқас жоспарланған 10 раундқа созылды.

Кәсіби мансабында жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы 16 кездесуінің тек біреуінде ұтылған Лукас Ндафолуді төрешілердің бірыңғай шешімен (<span>100-90, 97-93, 97-93) </span>жеңді. Осылайша, ол WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Осы жеңісінен соң Айдос Ербосынұлы <span>BoxRec рейтингінде өз салмағында 93 сатыға көтеріліп, 70-ші сатыға жайғасты.</span>

Естеріңізге сала кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген. Ол Мәскеуде өткен бокс кешінде қарсыласы бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) жеңіп, WBO Global белбеуін иеленген еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или