Қазақ боксшысы 11-ші кездесуінде жеңіске жетті

Қазақ боксшысы 11-ші кездесуінде жеңіске жетті
Геннадий Головкиннің салмағындағы қазақстандық боксшы, NABF чемпионы Мейірім Нұрсұлтанов Голливудта өзінің 11-ші жекпе-жегін өткізді.
25 жастағы нокаутшы Пуэрто-Риколық 32 жастағы Луис Эрнандеспен қолғап түйістірген. "Hollywood Fight Nights" шоуының аясында өткен аталмыш кездесуді Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер ұйымдастырған.<br /><br />Нұрсұлтанов пен Эрнандестің 8 раундқа созылған жекпе-жегі қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейірімге берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или