Әли Ахмедов 14-жеңісіне жетті

Әли Ахмедов 14-жеңісіне жетті

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Әли Ахмедов (13-0, 10 КО) Калифорнияда Hollywood Fight Nights бокс кеші аясында 37 жастағы америкалық Майк Гаймен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боксшылар рингте жоспарланған сегіз раундтың бәрін өткізді. Нәтижесінде төрешілер шешімімен (80:72, 79:73, 78:74) 23 жастағы Ахмедов жеңіске жетті.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі 14-жеңісі болып отыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің GGG Promotions компаниясымен жұмыс істейтін Әли Ахмедов қазір жастар арасында WBC чемпионы, сондай-ақ, боксшыда «жасөспірімдердің» NABF белділігі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или