Бокс

Айдос Ербосынұлы үш бірдей чемпиондық белбеуін қорғап қалды

Айдос Ербосынұлы үш бірдей чемпиондық белбеуін қорғап қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) Алматыда екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулері үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы намибиялық боксшы Лукас Ндафолумен (15-1, 6 КО) жұдырықтасты. Айқас жоспарланған 10 раундқа созылды.

Кәсіби мансабында жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы 16 кездесуінің тек біреуінде ұтылған Лукас Ндафолуді төрешілердің бірыңғай шешімен жеңді. Осылайша, ол WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген. Ол Мәскеуде өткен бокс кешінде қарсыласы бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) жеңіп, WBO Global белбеуін иеленген еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер