Садриддин Ахмедов WBC Asia чемпионы атанды

Садриддин Ахмедов WBC Asia чемпионы атанды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов Алматы төрінде өткен бокс кешінде қарсыласын жеңіп, чемпиондық белбеуді иемденді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз WBC Asia чемпиондық белбеуі үшін индонезиялық боксшы Джон Рубамен (17-5-1, 9 КО) қолғап түйістірді. WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы «Қазақ сарбазы» төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы Садриддин Ахмедов қаңтарда Канаданың Монреал қаласында 20 жасар мексикалық Абрахам Хуаресті төртінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или