Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы

Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы

24 наурыз күні Алматы қаласындағы AlmatyArena көпфункционалды спорт кешенінде қазақстандық және шетелдік боксшылардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Алматы қаласы әкімдігі және «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының қолдауымен, «Suleimen Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отырған бокс кешіне жергілікті спортшылардан бөлек, Ресей, Африка, Венесуэла, Өзбекстан, Беларусь, Грузия елдерінен келген боксшылар қатысады.

Бокс кеші аясында 8 жекпе-жек өтеді.

Қазақстандық жеңіліп көрмеген боксшылар Айдос Ербосынұлы, Садриддин Ахмедов және Нұрсұлтан Жаңабаевтың қатысумен болатын үш титулды жекпе-жек болмақ.

 Айдос Ербосынұлы (10-0-8KO) екінші жартылай орта салмақта Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Лукас Ндафолуммен (15-1, 6КО) WBA Intercontinental, WBC Asia және WBO Global белдіктерін сарапқа салады.

«Eye of the Tiger Management»промоутерлік компанияның боксшысы Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) бірінші орта салмақта ,WBC Asia титулы үшін жекпе-жекке шығады, оның қарсыласы Индонезия елінен келген боксшы Джон Руба (17-5-1, 9 КО).

Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4KO) 25 жастағы венесуэлалық Иван Матутемен (28-1, 23 КО) WBA Intercontinental атағы үшін жұдырықтасады. 

Тікелей трансляцияны МЫНА жерден Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:10-да көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или