Африка бокс федерациясының басшысы AIBA-ны уақытша басқарады
Африка бокс конфедерациясы (AFBC) басшысы Мохамед Мустасан Халықаралық бокс федерациясының (AIBA) президенті міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұма күні Гафур Рахимов отставкаға кетуге ниет білдірді және ұйымның президентіндік өкілеттігін уақытша тоқтатты.
Ал сенбі күні өткен <span>AIBA</span> Атқарушы комитетінің отырысында ұйымның бес вице-президенттің ішіндегі бірден-бір кандидат Мустасан президенттің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
<span>Айта кетейік, Гафур Рахимов өткен жылдың қараша айында Халықаралық бокс қауымдастығының президенті болып сайланған еді. Алайда Халықаралық олимпиада комитеті бұл тағайындалудан соң бірден AIBA-мен қарым-қатынасын тоқтатты. Өйткені, Гафур Рахимов АҚШ қаржы министрлігінің тізімінде халықаралық қылмыстық топтың негізін қалаушысы ретінде тұр.</span>