ӘЧ-2019. Мәнерлеп сырғанаушы қарсыласының аяғын конькимен қасақана жарақаттаған

ӘЧ-2019. Мәнерлеп сырғанаушы қарсыласының аяғын конькимен қасақана жарақаттаған

Жапонияның Сайтам қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында шу шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жаттығу кезінде АҚШ спортшысы <span>Мэрайя Белл кәрістің мәнерлеп сырғанаушысы Лим Ын Сумен соқтығысып, конькидің жүзімен оның аяғын жаралаған. </span>Оңтүстік Корея өкілдері спортшының мұны қасақана істегенін айтып, оның шеттетілуін талап еткен.

Айта кетейік, қысқа бағдарламада <span>Лим Ын Су бесінші орын алса, Марайя Белл бір сатыға төмен жайғасты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или