Головкин ESPN P4P рейтингісінде бір сатыға төмендеді

Головкин ESPN P4P рейтингісінде бір сатыға төмендеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ESPN телекомпаниясы жасаған Р4Р рейтингісінде бір позицияға төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Головкин америкалық Эррол Спенсті алға жіберіп, қазір бесінші орында тұр.

Украиналық Василий Ломаченко әлі де көш бастап келеді, одан кейінгі орындарға америкалық Теренс Кроуфорд пен мексикалық Сауль Альварес жайғасқан.  

ESPN P4P рейтингісінің топ-10 тізімі мынадай:

  1. Василий Ломаченко (жеңіл салмақ)
  2. Теренс Кроуфорд (жартылай жеңіл салмақ)
  3. Сауль Альварес (орта салмақ)
  4. Эррол Спенс (жартылай орта салмақ)
  5. Геннадий Головкин (орта салмақ)
  6. Александр Усик (бірінші ауыр салмақ)
  7. Наоя Иноуэ (аса жеңіл салмақ)
  8. Майки Гарсия (жеңіл салмақ)
  9. Срисакет Сор Рунгвисаи (екінші аса жеңіл салмақ)
  10. Энтони Джошуа (супер ауыр салмақ)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или