Спортшылар елорда атауының өзгеруіне қолдау білдірді

Күні кеше Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордаға Нұрсұлтан атын беру туралы ұсынысы қаралып, мәслихат депутаттары бір ауыздан қала атауының өзгертуін қолдап дауыс берді.
Осылайша, елордамыз Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Бұл бастаманы спортшылар да қолдай жөнелді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Serik Sapiyev (@serik_sapiyev) 20 Мар 2019 в 11:56 PDT
- Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту және Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін облыстық қалалардағы басты көшелерге беру туралы бастамасын толық қолдаймын. Менің ойымша, Елбасы бұл құрметке әбден лайық!, - деп 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов фейсбуктағы парақшасында.
Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов та қолдауін көрсетті: Қазақстан Республикасы президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Астана қаласы Нұрсұлтан қаласы болып өзгертуін толығымен қолдаймын, - деп жазды фейсбуктағы парақшасында.