Путинцева АҚШ-тағы турнирдің келесі айналымына өтті

Путинцева АҚШ-тағы турнирдің келесі айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Майамиде (АҚШ) WTA Premier Mandatory сериясындағы турнирдің бірінші айналымында бельгиялық Кирстен Флипкенспен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте ұтылып қалғанымен, келесі екеуінде басым болып, жеңісті жұлып әкетті – 4:6, 6:4, 7:5.

Матч 3 сағат, 3 минутқа созылған. Енді Путинцева екінші айналымда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или