ҚФФ құрметті президенті, Елбасы Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатты

ҚФФ құрметті президенті, Елбасы Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жариялады.

Әрі Мемлекет басшысының қызметін атқарушы болып - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы әрі ҚР үстел теннис федерациясының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілді. Назарбаев өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға лайық тұлға екенін айтты.

Айта кетерлігі, Елбасы елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметінде қала беретінін мәлімдеді.

- Халқымыздың қамы - менің мүддем болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізде жаңғырту процестерін жалғастыратын болады, - деді Президент Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или