Джиу-джитсу Азия ойындарының бағдарламасына енді

Джиу-джитсу Азия ойындарының бағдарламасына енді

Джиу-джитсу XIX Жазғы Азия Ойындары-2022 бағдарламасына ресми түрде енгізілді. Бұл туралы <span>Қазақстан Республикасының Джиу-джитсу қауымдастығы мәлімдеді.</span>

Тайланд астанасы Бангкок қаласында Азия Олимпиада кеңесі Бас ассамблеясының отырысында осындай шешім қабылданды. Бұл әлемнің джиу-джитсуды мойындағанының белгісі, демек, алдағы уақытта ололимпиадалық спорт түрі атануы мүмкін.

«Соңғы жылдары Қазақстанда джиу-джитсуге деген қызығушылықтың артып отырғаны байқалады. Қазіргі кезде елімізде 100-ге жуық залда 15 мыңнан астам спортшы осы спорт түрімен айналысады. Қауымдастықтың ресми облыстық филиалдары республикамыздың барлық аймақтарында бар» - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Джиу-джитсу қауымдастығының президенті Болат Мажағұлов.

Қазақстандық джиу-джитсерлер барлық жарыстарда өздерінің жоғары шеберліктерін көрсетеді. Мысалы, өткен жылы Ақтауда өткен джиу-джитсуденАзия чемпионатында26 елдің спортшылары бәсекеге түссе, 14 алтын, 23 күміс, 24 қола медаль Қазақстанның қоржынына салынып, жалпыкомандалық есепте отандық спортшылар бірінші орынға тұрақтады. <br />Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық құрамасы Индонезияда Жазғы Азия Ойындарында да сәтті өнер көрсетті. Дархан Нортаев пен Руслан Исраилов отандық джиу-джитсу тарихында алғаш рет алтын жүлдеге қол жеткізді.Нұржан Сейдуали, Нартай Кажеков, Ризат Макашев қола жүлдені қанағат тұтты. Ойындардың қорытындысы бойынша джиу-джитсуден Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орын алды. Айта кетейік, былтыр XVIII Жазғы Азия ойындарының бағдарламасына джиу-джитсу тестілік режимде енгізілген болатын.

Үстіміздегі жылы Grand Prix Astana Open халықаралық турнирі ұйымдастырылады. Бұл Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығы үшін аса ірі шара болып табылады. Маусымның 19-23 аралығында өтетін жарысқа әлемнің 60 елінің ең мықты спортшылары қатысады. Мальме қаласында (Швеция) Халықаралық джиу-джитсу федерациясының конференциясында бұл турнирді әлемнің 52 елінің джиу-джитсу қауымдастығының қатысуымен Астанадаөткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар,конференция барысында Халықаралық джиу-джитсу федерациясының мүшелері ҚР қауымдастығын ұйымның Орталық Азия бойынша вице-президенті етіп сайлады. Grand Prix Astana Open жарысы Қазақстанда джиу-джитсуды дамыту жолында тарихи оқиғаға айналмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или