Боб Арум: «Головкин Ломаченконың көлеңкесінде қалады»

Боб Арум: «Головкин Ломаченконың көлеңкесінде қалады»
<p style="text-align: justify;"> <strong>Top Rank атты шетелде танымал промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум 26 жастағы украиндық спортшы Василий Ломаченко танымалдық жөнінен Головкиннен асып түсетінін айтты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Естеріңізге сала кетсек, украиндық боксшы 1-ші наурыз күні кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпион, 33 жастағы мексикандық Орландо Салидоға қарсы өткізеді.</p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Ломаченко қазірдің өзінде әлемдегі бес үздік боксшының қатарында, &mdash; деп бастады Арума. &mdash; Ол өте мықты, кәсіби рингке тамаша дайындықпен келді. Болашақта үлкен жұлдыз атанады деп кәміл сенемін. Головкин мен Проводников қазір өз салмақтарында үздік саналады, бірақ та кейін олар Ломаченконың көлеңкесінде қалады&raquo;.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или