Қазақстандық киберспортшылар чемпиондық үшін бақ сынайды

Қазақстандық киберспортшылар чемпиондық үшін бақ сынайды

Бурабай курортында компьютерлік ойындар түрлерінен «Burabay Cyber cup» Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

<span>Ақмола облысының «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының мәліметі бойынша, жарыс 6 сәуір күні Щучье қаласындағы Олимпиадаға даярлық орталығы аумағында өтеді. Чемпионат отандық командалар арасында екі кезеңмен өткізіледі. </span>

<span>Бірінші кезеңі 23 наурызда чемпионаттың ресми сайтында онлайн режімде өткізілсе, финалдық ойын Щучье қаласындағы Олимпиадаға даярлық орталығында жалғасын табады. Финалда 4 команда Counter-Strike-тің 2 тәртібі (Global Offensive және Dota 2) бойынша кездеседі. </span>

<span>Дегенмен, қазіргі кезде қазақстандағы киберспортшылардың табысы 130 елдің ішінде 35-орында. Еліміздегі киберспортшыларға тігілетін сыйлық көлемі 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды.  Ал Қазақстандағы кәсіби геймерлердің саны 400-ден асады. </span>

<span> Қазақстандық киберспортшы қол жеткізген ірі жеңіс -  «Gambit» командасының Польшада өткен Counter-Strike Global Offensive жарысы. Онда үш қазақстандық турнир чемпионы атағын және 500 мың доллар ақшаны жеңіп алды.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или