Басқа

Маңғыстаулық чемпион-шенеунік үй қамағына алынды

Маңғыстаулық чемпион-шенеунік үй қамағына алынды
news-banner7
mobile-news-top

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұрынғы басшысы үй қамағына алынды.

Бұлтартпау шарасы түрінде қамауға алынған ақтаулық шенеунік, Қазақстанның чемпионы Нұрбек Қарабалаев үй қамағына ауыстырылды.

Бұл шешімді 23 ақпанда Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу соты шығарды. Санкция мерзімі 29 наурызға дейін өзгертілген жоқ.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Нұрбек Қарабалаев аталған қызметке 2018 жылдың сәуір айында келген.

Ол 2004 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 2009 жылы әскери самбодан ел чемпионы, 2010 жылы осы спорт түрінен Қазақстанның кубогін жеңіп алған.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер