Америкалық боксшы: Әлімханұлы әлем чемпионы болады

Америкалық боксшы: Әлімханұлы әлем чемпионы болады

Америкалық боксшы кіші Уго Сентено қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен спарринг өткізгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.

«Жәнібек – тамаша боксшы. Ол өте ақылды. Мен кәсіпқой рингте 30 жекпе-жек өткіздім. Ал Жәнібек әлем чемпионы секілді жұдырықтасады. Өте ақылды жігіт, соққылары дәл. Ол әлем чемпионы болады», - деді Сентено.

Айта кетейік, Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 12 сәуірде Лос-Анджелесте өткізеді. Оның қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или