Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы үшін жекелей сын аяқталды
Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем чемпионатында ерлер арасындағы 20 шақырымдық бәсеке аяқталды.
Өкінішке қарай, қазақстандық биатлоншылар айтарлықтай жоғары нәтиже көрсеткен жоқ. Роман Еремин 54-ші, Тимур Куц 77-ші, Сергей Сирик 89-шы орынға тұрақтады.
Бұл сында германиялық Арнд Пайффер жеңімпаз атанса, болгариялық Владимир Илиев күміс, норвегиялық Тарьей Бе қола медаль иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или