АҚШ-та айқасатын боксшылар

АҚШ-та айқасатын боксшылар

<span>Жерлесіміз 1994 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында туып-өсті. Бұған дейін ол жекпе-жек өнерінің бірнеше түрі бойынша түрлі халықаралық жарыстарда жүлде алды. Кикбокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері.  Кәсіпқой рингке алғаш рет былтырғы жылдың соңында көтеріліп, Эстонияның астанасы – Таллинде өткен бокс кешінде беларуссиялық Олег Заблоцкиді екінші раунда ұрып жықты.    Ал Атлантик Ситидегі жарыстың басты жекпе-жегі осы күнге дейін жеңілістің кермет дәмін татпаған қос боксшы – америкалық Кларесса Шилдс пен германиялық Кристина Хаммер қолғап түйістіреді. 23 жастағы АҚШ өкілінің екі дүркін Олимпиада және әлем чемпиондары деген атақтары бар. Панамерика ойындарының жеңімпазы. Кәсіпқойлар арасында Шилдс 8 кездесу өткізді. 2 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Америкалықтың қарсыласы – Қазақстанның тумасы. Тоқсаныншы жылдардың басында ата-анасымен Германияға қоныс аударған 28 жастағы Хаммер 24 жекпе-жек өткізіп, 11 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Жоғарыда есімдері аталған атақты қос босшы орта салмақ дәрежесі бойынша абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласады.</span>

<span>Ғалым СҮЛЕЙМЕН, </span>

<span>«Egemen Qazaqstan»</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или