Қазақстандық боксшылар WBC рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстандық боксшылар WBC рейтингінде жоғары көтерілді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды.

<span>Назарларыңызға тізімдегі қазақстандық боксшылардың есімдерін ұсынамыз:</span>

<span>Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақта 18- орыннан 16-орынға көтерілді. Ал екінші орташа салмақта 40- нөмірмен Айдос Ербосынұлы рейтингке қосылды. Орта дивизионда Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалды. Мейірім Нұрсұлтанов 32-ші орыннан 29-орынға көтерілді, Жәнібек Әлімханұлы үш позицияға жоғарылап, 30-шы орынға шықты.</span>

<span>Бірінші орта санаттың өкілі Садриддин Ахмедов 37-ші орынды иеленді (38-ші орында болған). Нұрсұлтан Жаңабаевтың да жағдайы жақсарып, қазір 39-шы орында тұр. Батыр Жүкембаев бірінші орта салмақта  24-ші орыннан 21-орынға көтерілді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или