Головкин: Кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын

Головкин: Кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын

DAZN компаниясымен келісімшартқа отырған қазақстандық Геннадий Головкин кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Аты танымал боксшылармен үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. Дәл қазір барлығы үшін ашықпын. Үздік бестіктегі боксшылармен де жұдырықтасуға дайынмын, - деді Геннадий Головкин Behind The Gloves арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин жаңа келісімшарт бойынша 8-ші не 16-шы маусым күні жекпе-жек өткізуі қажет. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или