Cybersport
Басқа

Jame: Жеке бастың жетістігі екінші орында

Jame: Жеке бастың жетістігі екінші орында
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Avangar CS:GO командасы соңғы екі жылда тек ТМД елдерінде емес, әлемге таныла бастады. Команданың жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Тіпті, әлемдік деңгейдегі қарсыластарына тойтарыс беріп, жеңіп жүр.

Ақпан айында IEM Katowice Major 2019 турниріне қатысты. Жылдың ең айтулы шарасында қазақстандық ұжым негізгі кезеңге дейін өтті. Тек плей-офф кезеңіне бір қадам қалғанда жарыс жолын аяқтады. Негізгі кезеңде Faze Clan және NRG Esports секілді командалардан басым болып, тек Team Liquid және Na’Vi ұжымдарына есе жіберді. Ал Avangar-дың жарыс жолын аяқтауына себеп болған ENCE командасы финалға дейін жетті. 9-11 орындарды иеленген қазақстандық ұжым $8,750 пайда тапты. Осы жарыстан соң Avangar HLTV әлемдік рейтингінде 13 сатыға жайғасты.

Команданың көшбасшысы әрі капитаны Али «Jame» Джами. Турнирде команданы сүйреген, жанкүйерлердің көз айымына айналған Али Avangar-дың басты мергені.

Prosports.kz Али «Jame» Джамимен тілдесіп, қазақстандық ұжымның хал-жағдайы туралы сұрап көрді.

Сарапшылар сіздерді «аңыздар» қатарына ілінеді деп болжаған болатын. Қай жерден қате кетті? Өз ойындарыңызды таба алмауларыңыздың басты себебе неде?

– Турнирдің соңында команда эмоциялық тұрғыдан таусылды. Польшада 20 күндей болдық. Ал оған дейін Лондонда CIS Minor және GG.BET ICE Challenge жарыстарында бақ сынадық. Әдетте матчқа дайындығымыз басқа командаларға қарағанда өзгеше болатын. Сол себепті AUG-меттерге қарсы өз жемісін бермеді. Қазір КТ бағыты басым болып тұр. Ал бұл біздің стилімізге қарсы.

Команданың капитаны болғалы ойын стиліңіз өзгергендей. Бет-алды шабуылдағаннан гөрі асықпай ойланып қимылдайтын болдыңыз. Капитандық міндет қаншалықты әсер етті?

– Бәрі карта мен қай жақ екенімізге байланысты. Мысалы, Overpass, Inferno немесе Mirage карталарында AWP көп ала бермеймін. Одан да командаға қолдау көрсеткенді дұрыс деп ойлаймын. Капитандық міндет сенің шешім қабылдауыңа кәдімгідей әсер етеді. Көп ойланасың. Сен тек қарсылас команданың капитанын емес, мергенін де жеңуің қажет.

Жанкүйерлер дәл қазір сізді ТМД елдеріндегі үздік ойыншының бірі деп санайды. Сондай-ақ, болашағыңыздан көп үміт күтеді. Мұндай жүкті арқалау қаншалықты қиын?

– Өзімді ақпараттан шектеуге тырысамын. Сол арқылы артық қысым көрмеймін. Жеңіске жетіп жатсақ та артық сөйлемеуге тырысамын. Қазір «болашағынан үміт күттіретін ойыншының» мағынасы өзгеріп кетті ғой. Бұрын бұл туралы жас ойыншылардан сұрайтын еді. Маған және командадағы жігіттердің орташа жасы - 20. Ал бұрындары 19 жасында мейджордың чемпионы болған.

– Команда мен жеке өзіңіздің алдыңызға қандай мақсат қойылған. Сол туралы айта кетсеңіз. Өзіңізді hltv рейтингінің үздіктері тізімінде көргіңіз келе ме?

– Басты мақсат – чемпионаттарда топ жару. Әрине, рейтингтің үздік ондығында болу қажет. Бірақ бұл сандар ештеңені білдірмейді. Негізгі кезеңнен өтіп, үздік бестіктегі командаларды ұтсақ қана бұл рейтингінің маңыздылығы артады. Өзіме келер болсам, мен үшін жеке бастың жетістігі екінші орында. Қазір өзімді емес, команданы көбірек ойлаймын. как о командных.

Сұқбаттасқан: Батырхан Тоғайбаев

Фото: hltv.org

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер