Универсиада-2019: Қазақстан құрамасы 17-ші орын алды
Қазақстан студенттер құрамасы Ресейдің Красноярск қаласында өткен ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарында алтын медаль ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
2 наурызда алауы тұтанған Универсиада ойындары бүгін мәресіне жетті. 56 елден 3 мыңнан астам спортшы қатысқан Универсиадада біздің елдің атынан 95 спортшы өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшылар алтын медаль ала алмаса да, құрама қоржыны бос қайтқан жоқ. Ел спортшылары айтулы бәсекеде 4 күміс және 3 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 17-ші сатыға тұрақтады.
Бірінші орында жарыс иелері Ресей (41 алтын, 39 күміс, 32 қола) құрамасы болса, үздік үштікті Оңтүстік Корея (6;4;4) мен Жапония (5;4;4) түйндеді.
ХХІХ Қысқы Универсиада ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар:
Әсет Дүйсенов - күміс, шаңғы жарысы, спринт, (Қазақ спорт және туризм академиясы);
Шаңғыдан ерлер құрамасы (Әсет Дүйсенов, Олжас Климин, Никита Гридин, Иван Люфт) - күміс, эстафета 4х7,5 шақырым; Гридин Никита, Климин Олжас (А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті), Люфт Иван (Қазақ спорт және туризм академиясы)
Павел Колмаков - күміс, фристайл параллельді могул;
Элизабет Тұрсынбаева - күміс, мәнерлеп сырғанау, (Қазақ спорт және туризм академиясы);
Жанбота Алдабергенова - қола, фристайл могул, (Әл Фараби атындағы ҚазҰУ);
Шорт-тректен ерлер құрамасы (Денис Никиша, Нұртілек Қажғали, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев) - қола, эстафета 5000м; Никиша Денис, Қажғали Нұртілек (Қазақ спорт және туризм академиясы), Жақсыбаев Мерсаид, Шамуханов Еркебұлан (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)
Шорт-тректен қыздар құрамасы (Алия Әмірғалиева, Хадиша Бақытткереева, Яна Хан және Алена Волковицкая) - қола, эстафета 3000м. Хан Яна, Волковицкая Алёна (Қазақ спорт және туризм академиясы), Әмірғалиева Әлия, Бақытгереева Қадиша (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)