Головкин Польшаның үздік боксшысымен кездесуі мүмкін
Boxingscene.com журналисі Джейк Донован Геннадий Головкиннің маусым айында өткізетін жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Атақты журналист GGG Польшаның үздіксіз боксшысы Камил Шереметамен кездесуі мүмкін деп отыр.
29 жастағы поляк боксшысы наурыздың 9 күні Францияда жергілікті Эндрю Франсильетпен (21-1, 1 KO) жұдырықтасып, жеңіске жеткен. Камил Шеремета кәсіпқой мансабында өткізген 18 айқасының бәрінде жеңіске жеткен. Шеремет WBC және WBA орташа салмақтық рейтингтерінде жоғары сатыда орналасқан.
Геннадий Головкин жуырда DAZN компаниясымен келісімшартқа отырған болатын. GGG WBO чемпиондық белбеуінің иегері Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін екені хабарланған еді. Алайда америкалық боксшы 24 маусым күні жекпе-жек өткізетін болды.