Юсупова шәкірттері Азияны бағындырды

Юсупова шәкірттері Азияны бағындырды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Қазақстандық көркем гимнасшылар Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан олжалы оралды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Әр елден келген 78 спортшы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына берілетін жолдаманы сарапқа салған. Командалық бәсекеде&nbsp;Елизавета Майновская, Анна Максимова, Вероника Лысогор&nbsp;күміс жүлдеге қол жеткізді. Топтық сайыста&nbsp;Әмина Қожахат, Нұрай Құмарова, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Олеся Колышева&nbsp;қола жүлдегер атанды. Жекелей сында абсолютті Азия чемпионы болып&nbsp;Елизавета Майновская&nbsp;танылды. Ол 2014 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Шеңбермен өнер көрсетуденВероника Лысогор&nbsp;да Азияда өзіне тең келер ешкім жоқ екенін көрсетті.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кету керек, қыздарды танымал көркем гимнасшы&nbsp;Әлия Юсупова&nbsp;жаттықтырады. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или