Геннадий Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды

Геннадий Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) боксшылардың ай сайынғы  рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады.

<span>Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 11-орында қалды. Қазіргі чемпион америкалық Дэниэл Джейкобс болғанмен рейтингтің бірінші орны бос тұр, кейінгі орындарда эквадор-неміс боксшысы Джек Кулкай мен украиналық Сергей Деревянченко тұр.</span>

<span>Осы ұйым аясында жартылай орта салмақ санатында өнер көрсетіп жүрген Бахтияр Эюбов бір саты жоғарылап, 13-орынға тұрақтады.</span>

<span>Еске сала кетейік, 15 ақпан күні Бахтияр Малвэйнде (Канзас штаты, АҚШ) өткен жекпе-жегінде мексикалық Хосе Луис Родригеспен тең түскен болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или