Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды
<span>Халықаралық бокс федерациясы (IBF) боксшылардың ай сайынғы рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.</span>
<span>Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 11-орында қалды. Қазіргі чемпион америкалық Дэниэл Джейкобс болғанмен рейтингтің бірінші орны бос тұр, кейінгі орындарда эквадор-неміс боксшысы Джек Кулкай мен украиналық Сергей Деревянченко тұр. </span>
<span>Осы ұйым аясында жартылай орта салмақ санатында өнер көрсетіп жүрген Бахтияр Эюбов бір саты жоғарылап, 13-орынға тұрақтады. </span>
<span>Еске сала кетейік, 15 ақпан күні Бахтияр Малвэйнде (Канзас штаты, АҚШ) өткен жекпе-жегінде мексикалық Хосе Луис Родригеспен тең түскен болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или