Универсиада-2019: Қазақстандық шорт-трекшілер үздік үштікке енді

Универсиада-2019: Қазақстандық шорт-трекшілер үздік үштікке енді

Ресейде өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы қола медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шорт-тректен Қазақстан ерлер командасы эстафетада үздік үштікке енді. Финал қорытындысы бойынша алтынды Оңтүстік Корея, күмісті Ресей құрамасы иеленді. Алғашында  Жапония құрамасы үшінші орын алған, алайда төрешілер ереже бұзылғанын анықтап, қоланы Қазақстанға берді.

Айта кетейік, бұған дейін шорт-тректен Қазақстан қыздар құрамасы да қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или