Фируза Шәріпова Алматыда жекпе-жек өткізбейтін болды
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова 24 наурызда Алматыда жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>«Фируза Шәріпованың бокс қорына» сілтеме жасап.
<span>«Біқ ұйымдастырушыларға ресми ұсыныс жіберген болатынбыз. Алайда Suleimen Boxing Promotions менің жекпе-жегімді қаржыландыра алмайды. </span>
<span>Нұрсұлтан Әбішұлына WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін сыйлағым келген. Өкінішті, ағымдағы айда жекпе-жек өтпейтін болды. Сонда демеуші болар 150-200 мың доллар бере алатын кәсіпкер жоқ болғаныма?! </span>
<span>Гонорарсыз-ақ жұдырықтаса беретін едім. Еліме нағыз мейрам сыйлағым келген. Қаржыландыру көзі табылған бойда, мен аталған титулдарды жеңетін боламын!» – деді спортшы Инстаграм-парақшасында.</span>