Ресми: GGG осы аптада DAZN-мен келісімшартқа қол қояды

Ресми: GGG осы аптада DAZN-мен келісімшартқа қол қояды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин осы апта соңында ресми түрде DAZN платформасымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Boxingnews24 порталына сілтеме жасап.

Әзірге белгілі ақпараттарға сүйенсек, келісім бойынша қазақстандық боксшы екі жекпе-жек өткізу міндетті. 

Головкиннің негізгі таңдауы үш телеарнаға түскен - бұл АҚШ аумағында Эдди Хирн басқарған DAZN, Эл Хэймон басқарған Boxing Champions және Боб Арум жетекшілік еткен ESPN еді.

DAZN бірінші жекпе-жекті өткізу үшін басқалардан гөрі аз қаржы ұсынған болатын. Алайда, келісімшарт талаптары бойынша, Головкиннің бұл телеарнадағы екінші жекпе-жегі Альвареспен болуы әбден мүмкін.

Геннадийдің бұл екі айқас үшін алатын гонорары кем дегенде 10 миллион долларды құрап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или