1,5 млрд доллар әкелуі мүмкін жекпе-жек қандай?
Оскар де ла Хойяның пікірінше, орта салмақта WBA және WBC чемпионы Сауль Альварес америкалық Флойд Мейвезермен жұдырықтасса, бұл жекпе-жек миллиардтан астам қаржы әкелуі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біріншіден, Флойд мансабын аяқтады, сондықтан ешқандай жекпе-жек болмайды. Бірақ Флойд оралғысы келсе, ол өзінен екі салмақ дәрежесінен төмен боксшылармен жұдырықтасуын доғаруы қажет. Егер Мейвезер оралатын болса, оның Канеломен жекпе-жегі 1,5 млрд доллар әкелетін кездесу болуы мүмкін», - деді Оскар.
Бұған дейін боксшылар рингте бір рет кездескен болатын. Сол кезде Мейвезер ұпай санымен жеңіске жетті.
Енді Канело сол жеңілістің есесін қайтаруға дайын екенін мәлім етті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или