Канадалық шаңғышы Алексей Полторанинді «ұры» деп айыптады
Канадалық шаңғышы Алекс Харви допинг қолданғаны белгілі болған қазақстандық Алексей Полторанин <span>«ұры» деп айыптады. Бұл туралы Prosports.kz сайты жазды.</span>
«Ол менің медалімді ұрлады. Біздің жүлделерді допинг қолданған шаңғышылардың ұрлағаны қайғылы жайт», - деп келтіреді Алекс Харвидің сөзін Expessen басылымы.
Естеріңізге сала кетейік, Австрияда өткен әлем чемпионатында жергілікті полиция допинг дауына байланысты 9 адамды тұтқындаған болатын. Оның ішінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар. Кейін спортшы бар кінәсін мойындады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или