Универсиада-2019: Қазақстандық спортшы ереже бұзып, жүлдесіз қалды

Универсиада-2019: Қазақстандық спортшы ереже бұзып, жүлдесіз қалды

Ресейде өтіп жатқан Универсиада ойындарында қазақстандық шорт-трекші Нұртілек Қажғали ереже бұзып, жүлдесінен қағылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ақтық кезеңге шыққан Нұртілек Қажғали ширек финалда алтылықта үздік болып, жартылай финалда екінші орын алды. 

Финалда <span>Нұртілек Қажғали мәрені екінші болып кескен. Алайда төрешілер қайталаудан қазақстандық спортшының ереже бұзғанын анықтап, пенальти берді. Осылайша, Нұртілек Қажғали жүлдесіз қалды. </span>

Айта кетейік, кеше Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасынан үздік үштіктен орын алып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или