FIS өкілдері Алматыда баспасөз конференциясын өткізді

FIS өкілдері Алматыда баспасөз конференциясын өткізді

Халықаралық шаңғы спорт түрлері федерациясының өкілдері (FIS) Алматыда фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңі қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Olympic. 

FIS рейс-директоры Конрад Ротермунд әлем кубогінің финалдық кезеңін өткізу үшін «Шымбұлақ» таң-шаңғы курортының не себепті таңдалғанын түсіндірді. 

«Біз Алматыда тұңғыш рет әлем кубогы кезеңін өткізгелі отырмыз. Алдағы уақытта да осында кубоктық додаларды өткізу жоспарда бар. Маусымның соңғы жарысын өткізетін аймақты біз географиялық жағдайларға байланысты таңдаймыз. Биыл алтыншы кезең Жапонияда өтті де, Ұлы Жібек жолының бағыты бойынша Алматыға тоқтадық. 

Алматыда бірнеше ірі спорттық шаралар өткізілді. Оның ішінде, Универсиада мен Азия ойындары бар. Сондай-ақ, фристайл-могулдан жасақтаған командаларыңыз әлемдік сындарда сәтті өнер көрсетуде. Осылардың бәрін ескере келе, финалдық кезеңді сіздің елде өткізуді жөн санадық. Бұл үлкен жауапкершілік. Бір кезеңнің ғана емес, бүкіл маусымның қорытындысын шығарып, марапаттау рәсімін өткіземіз. Арнайы аталымдар бойынша табысталатын сыйлықтар да бар», - деді Ротермунд. 

«Шымбұлақта» шаңғы теуіп, демалыстарын өткізетін қонақтар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл FIS ережелеріне қарсы емес. 

«Курорт күнделікті режим бойынша жұмыс істей береді. Бұл қалыпты жағдай. Демалушылар кейін жарыс көрермені болып шыға келеді. Бұл біз үшін тиімді. Біздің талаптарымыздың бірі», - дейді шетелдік өкіл. 

Жарысты ұйымдастырудағы басты ерекшеліктерді «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты маркетинг және IT технологиялар бөлімінің жетекшісі Владислав Семенов айтып берді. 

«Әлем кубогін тамашалау үшін ski-pass алу жеткілікті. Жанкүйерлер үшін үлкен LED-экрандар қойылады. Ал жарыс жолы бөктердің ортасында орналасқан. Шаңғы теуіп жүрген қонақтардың спортшылар өнерін жақыннан көруіне мүмкіндік бар. Көрермендерге арнайы бағдарлама дайындалған», - деді Семенов. 

Еске сала кетейік, фристайл-могулдан әлем кубогінің финалдық кезеңі 2-3 наурыз күндері тұңғыш рет Қазақстанда өтеді. Ірі спорттық оқиға барысында маусымның үздік спортшылары марапатталады. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или