Айдос Ербосынұлы Алматыда белбеулерін сарапқа салады
<span>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) 24 наурыз күні Алматыда екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулері үшін жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Prosports.kz сайты.</span>
<span>Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы намибиялық боксшы Лукас Ндафолумен (15-1, 6 КО) жұдырықтасады. Айқас 10 раундқа жоспарланған.</span>
<span>Қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіби мансабында жеңіліс дәмін татпаған. 10 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. Ал оның қарсыласы Лукас Ндафолу 16 кездесуінің тек біреуінде ұтылған екен.</span>
<span>Естеріңізге сала кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген. Ол Мәскеуде өткен бокс кешінде қарсыласы бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) жеңіп, WBO Global белбеуін иеленген еді.</span>