Жаға ұстатты
Басқа

Джиу-джитсу жарысы жаппай төбелеспен аяқталды

Джиу-джитсу жарысы жаппай төбелеспен аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Джиу-джитсудан BJJ Stars турнирі аясынжағы жекпе-жектердің бірі жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сайыс бразилиялық Сан-Паулу қаласында өткен. Турнирдің басты жекпе-жегінде Эрберт Сантуш пен Фелипе Пена кездесті. Сантуш тізесін жарақаттап алған соң, жеңіс Пенаға бұйырған.

Бұған келіспеген Сантуш қарсыласының команда мүшелерімен сөзге келіп қалды, нәтижесінде спортшы Пенаның командасына қарай тұра ұмтылды. Кейін бұл жағдай көрермендердің де қатысуымен өткен жаппай төбелеске жалғасып кетті.

Енді Эрберт Сантуш бұл спорттан өмір бойы шеттетілуі ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер