Спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионатында Айдова 8 орынға жайғасты
Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kzсайты ҰОК баспасөз қызметіне<span> </span>сілтеме<span> </span>жасап.
Қазақстан Екатерина Айдова бірінші жарыс күнінен соң сегізінші орында тұр. Жарыс барысында спортшылар 500 және 1000 метр қашықтықты екі мәрте жүгіріп өтуі тиіс. Бірінші жарыс күнінде Айдова 500 метрді 8-ші орында, 1000 метрді 7-ші орында аяқтады. Әзірге, ол көш басындағы спортшыдан 0.95 секундқа қалып, сегізінші орында келеді.
Ерлер арасындағы жарыста Александр Кленво 24-ші орын алды. Соңғы жарыс күні бүгін Астана уақытымен сағат 20.00-де өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или