Минскіде фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңі аяқталды

Минскіде фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңі аяқталды

Минск қаласында (Беларусь) фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар алғашқы ондыққа ене алған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан атынан сынға түскен Ақмаржан Қалмұрзаева 16-шы орын иеленсе, Жанбота Алдабергенова 23-ші нәтижені көрсетті.  Ерлер арасында Бағлан Іңкәрбек 27-ші орыннан көрінді. 

Ресейлік Максим Буров пен қытайлық Ментао Сюй Минсктегі әлем кубогы кезеңінде топ жарғанын еске саламыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или