Шаңғышы Валерия Тюленева Австрияда 37-ші орын алды

Шаңғышы Валерия Тюленева Австрияда 37-ші орын алды

Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысынан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы скиатлон бойынша жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сында қазақстандық спортшы <span>Валерия Тюленева</span> классикалық және еркін стильде 37-ші орынға ие болды. 7,5 шақырымдық жарыс жолын ол көшбасшы - норвегиялық Тереза Йохаугтан 4 минут 15 секунд кеш жүріп өтті.

Одан бөлек, Анна Шевченко 41-ші, ал Ирина Быкова 46-шы орын алды. Марина Матросова жарысты аяқтай алмады.

Шаңғы жарысы. Австрия. Әлем чемпионаты. Скиатлон. Әйелдер

1. Тереза Йохауг (Норвегия) – 36:54.5

2. Ингвильд Эстберг (Норвегия) - +57.6

3. Наталья Непряева (Ресей) - +58.7

…37. Валерия Тюленева (Қазақстан) - +4:15.5

…41. Анна Шевченко (<span>Қазақстан</span>) - +4:27.8

…46. Ирина Быкова (<span>Қазақстан</span>) - +6:23.9

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или