Кукушкин Марсельде өтіп жатқан АТР 250 турнирінің екінші айналымына өтті

Кукушкин Марсельде өтіп жатқан АТР 250 турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Марсельде (Франция) өтіп жатқан АТР 250 турнирінің сериясында екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Алғашқы кездесуде Кукушкин америкалық Денис Кудланы екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:3 есебімен жеңді. 

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші канадалық Денис Шаповаловқа қарсы ойнайды. 

Марсельдегі турнирдің жалпы жүлде қоры – 668 485 еуро. 

АТР 250 әлемдік туры – АТР ұйымдастыруымен өтетін кәсіби теннисшілерге арналған турнир. Ерлер арасындағы аталған жарыстар тізбегіне 40 турнир кіреді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или