Боксшыларымыз Болгариядағы жарыста жаппай ұтылды
София қаласында бокстан «Странджа» халықаралық турнирі аяқталды. Бірақ Қазақстан құрамасы бұл жарыста алтынға жарымады.
49 келідегі Теміртас Жүсіпов үндістандық Амиттен 0:5 есебімен жеңілген.
60 келідегі Зәкір Сафиуллин Ресей боксшысы Артур Сухбанкуловқа есе жіберді - 4:1.
64 келідегі Санатәлі Толтаев пен ресейлік Алексей Мазурь арасындағы тартысты жекпе-жек 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына шешілген.
69 келідегі Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда алған жарақатына байланысты ақтық сынға шыққан жоқ. Осылайша, автоматты түрде күміс медаль иеленді.
91 келідегі Василий Левит ресейлік Садам Магомедовке 1:4 есебімен жол берді.
Осылайша, Қазақстан командасы Болгариядағы турнирге негізгі құраммен қатысып, бес күміс олжалап қайтқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или