Абылайхан Жүсіпов Болгариядағы турнирінің финалына шықпайды
<span>Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінің финалына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚБФ-ға сілтеме жасап. </span>
<span>69 келіге дейінгі салмақта Жүсіпов финалда өзбекстандық Бобо-Усмон Ботуровпен жұдырықтасу керек болатын.</span>
<span> Алайда қазақстандық жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмайды. </span>
<span>Осылайша Жүсіпов турнирдің күміс жүлдегері атанып отыр. Ал Қазақстан құрамасынан финалда төрт боксшы жұдырықтасады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или