GGG Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
WBO басшылығы қаңтарда Деметриуске Сондерспен жекпе-жек өткізуді міндеттеген болатын. Алайда, Сондерс екінші орта салмаққа ауысып, Шефат Исуфимен кездесетін болып шешті.
Осылайша, Андраде қарсылассыз қалды. WBO президенті Деметриус қарсылас таппаған жағдайда, Головкинмен кездеседі деп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или