«Қазақ стилі». Жәнібек Әлімханұлы туралы деректі фильм шықты
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1 KO) менеджері Берік Сұлтан боксшы туралы «Қазақ стилі» атты деректі фильм ұсынды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
Кинокартинада Жәнібектің кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегіне дайындығы баяндалады. Сондай-ақ, фильмге Жәнібектің бапкерлері, спарринг-әріптестері мен мамандар түскен.
Естеріңізге сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 KO) 3 ақпан күні өткен бесінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын. Ол қарсыласы америкалық Стивен Мартинесті (18-4, 13 КО) бесінші раундта теxникалық нокаутпен ұтты.
Бұл жеңістен соң Жәнібек BoxRec нұсқасы бойынша орта салмақтағы боксшылар рейтингісінде жоғарылады. Бұған дейін екінші жүздікте тұрған Әлімханұлы осы жекпе-жектен соң бірден 66 сатыға көтерілді. Енді ол 19 ұпаймен 84-ші орында тұр.