Фируза Шарипова ресейлік жұлдызды бірге жаттығу жасауға шақырды

Фируза Шарипова ресейлік жұлдызды бірге жаттығу жасауға шақырды

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Инстаграмдағы парақшасында ресейлік әнші Анна Седокованы Мәскеуде бірге жаттығу өткізуге шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Фируза әнші мен өзінің менеджері түскен суретті жариялады.

«Анна Седокованы Мәскеуде бірге жаттығу өткізуге шақырамын. Қазақстандық бокстың бүкіл ғажабын көрсетемін, Головкинді таңқалдыра аласыз. Жақсы қалыпта екеніңіз және бокспен таныс екеніңіз көрініп тұр. Менеджерім Сергей Завилейскиймен таныссыз. Фото 2016 жылы Бокс Академиясында түсірілген. Анна клипке түсіп жатты, ал біз менің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіме промо-ролик жасап жаттық», - деді Фируза.

«Рақмет. Мен үшін бұл үлкен құрмет. Бірақ мен боксты енді бастап келе жатқандар категориясындамын», - деп жауап қатты әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Анна Седакова бокстағы жаттығуын әлеуметтік желіге жүктеген болатын. Оның бұл видеосын Геннадий Головкин мақтаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или