Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі
Бокстан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінің жартылай финалында бес қазақстандық боксшы бақ сынайды деп хабарлайды Olympic.kz.
Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаң иесі Петар Белберовтен жеңіліп, жүлдесіз қалды.
Сондай-ақ, кеше Теміртас Жүсіпов, Зәкір Сафиуллин, Санатәлі Толтаев, Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит жеңіске жеткен болатын.
Olympic.kz жартылай финалдағы Қазақстан боксшыларының қарсыластарын назарларыңызға ұсынады.
49 келі. Теміртас Жүсіпов – Леандро Хосе Бланко (Аргентина)
60 келі. Зәкір Сафиуллин – Шункор Абдурассулов (Өзбекстан)
64 келі. Санатәлі Толтаев – Андерсон Оливейре (Бразилия)
69 келі. Абылайхан Жүсіпов – Евгений Барабанов (Украина)
91 келі. Василий Левит – Абнер Джуниор (Бразилия)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или