Путинцева Дубайда екінші айналымға шыға алмады

Путинцева Дубайда екінші айналымға шыға алмады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Дубай турнирінің алғашқы айналымында украиналық Леся Цуренкомен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 43-орында болса, қарсыласы одан едәуір жоғары, 24-сатыда тұрған еді.

Бірінші партияда Цуренко брейк жасап, алға кетті. Есеп 5:3 болып тұрған мезетте ол тағы бір брейкке қол жеткізіп, сетті аяқтады - 6:3.

Бұдан кейін Путинцева медициналық көмекке жүгінді. Ақыры ол екінші партияда есеп 0:2 болған мезетте матчты жалғастырудан бас тартты.

Бәсеке бір сағаттай уақытқа созылды.

Цуренко екінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы, сенбі күні мәреге жеткен Доха турнирінің жеңімпазы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе қытайлық, рейтингте  108-сатыдағы Линь Чжудің бірімен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или