Ойға қонымсыз ұпайлар

Ойға қонымсыз ұпайлар

Головкиннің орнын басады деген өзбекстандық боксшыға төрешілер көмектесті - БАҚ

Америкалық қарсыласы карьерасында алғаш жеңілді.

Алғашқы орта салмақтағы өзбекстандық проспект Шохжохон Эргашев америкалық Майкл Фоксты жеңді, - деп хабарлайды VRinge.com.

Жекпе-жек Американың Малвин қаласында өтті және толық он раундқа созылды. Эргашев төрешілердің шешімімен жеңді. 27 жастағы өзбекстандық 16 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен, оның он төрті нокаутпен. Ал 23 жастағы Фокс карьерасында алғаш жеңіліп тұр, бұған дейін ол 19 кездесуін жеңіспен, оның бесеуін нокаутпен аяқтаған еді.

"АҚШ боксшысы антропометриясын пайдаланып, қашықтықта джеб арқылы жұдырықтасты. Эргашев қашықтықты жақындатқысы келді, ол соққы күшіне сенді. Жекпе-жек тең өтті, бірақ, төрешілер Эргашевке сенімді жеңіске жетуге көмектесті: 96:94 және екі рет ойға қонымсыз 98:92", - деп жазады VRinge.com.

Айта кетейік, мұның алдында Эргашевтің промоутері Дмитрий Салита өзбекстандық боксшыны қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) орнын басатынын айтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или